Құрылысты басқару » Intessa group

Құрылысты басқару

  • Техникалық негіздеме және жобалау;
  • Тендерлер өткізу және сатып алу қызметі;
  • Құрылысты салу және пайдалануға беру;
  • Объектіні тіркеу.
  • Басқару, пайдалану және қызмет көрсету.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ

ЕРС-КЕЛІСІМ-ШАРТТАРЫНЫҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІ

ЕРС келісім-шартының тұжырымдамасы қаржыландыру және құрылыс сатысында инвестордың тәуекелдерін басқаруға қатысты оңтайлы шешім ретінде қаржыгерлермен енгізілді. Және инвесторлар неғұрлым көп мөлшерде EPC-ны таңдаса, онда мердігерлер мердігерлік келісім-шарттың көлемін ұлғайтудың жақсы мүмкіндігін ескере отырып, осы модельге көшуді шешеді. Алайда, осы келісімшарттық модельдер инвестордың проблемаларын шешсе де, мердігерлердің төменгі қатары бастапқы кезеңде дұрыс бағалануы мүмкін емес жоғары тәуекелдер факторына тап болады.

Кейінгі табыстары бар ірі жобаларға қатысатын осындай ЭПС компаниялар борыштық ауыртпалық пен экономикалық сценарийдің тұтастай дамуының белгісіздігі тәуекелдерін өз мойнына алады. Шетелдерде жұмыс істеген кезде олардың балансында қабылданатын тәуекелдер әлдеқайда қиын болады. EPC жобалары жоғары маржаға ие болса да, бірақ олармен байланысты тәуекелдердің көп бөлігі әдетте EPC компаниясының мердігерлерімен қамтылмайды.

Осы үрдіс себептерінің бірі болды, көптеген компаниялар барлық жақтардағы EPC жағдайы туралы және керек уақытта тәуекелдерді дұрыс басқарудың қажеттілігін түсіну туралы толықтай түсініктері жоқ, демек, жеткілікті тәжірибесі жоқ. Жобаларды жарамсыз бағалау осы компанияларды жағымсыз қаржылық салдарға әкеп соғады.

Жобалардың барлық өсу күрделілігімен жиынтықта, бұл үрдіс, көптеген ЕРС-мердігерлердің шоғырлануына әкелуі мүмкін, ал кейінгі жылдары ЕРС шеңберінде бірлігі ғана дербес жұмыс істей алады деген қорытынды жасауға болады.

EPCM келісім-шарты

EPCM-келісім-шарты (ЕРС Management) EPCM мердігері бүкіл жобаны интеграциялау бойынша сараптамадан өткен кезде, оның толық іске асырылуына, ал өз кезегінде ЭПС пакеттерін әр түрлі EPC мердігерлеріне тапсыртай отырып жауапкершілікті өз мойнына алған жағдайларда қолданылады.

Бұндай жағдайларда EPCM мердігері жобаны интегрциялау мен жалпы менеджментті жүзеге асыруға жауапкершілікті өзіне алады. Мұндағы маңызды мәселе - жобаның құны мен кестесі бойынша EPCM орындаушысының тікелей жауапкершілігінің жоқтығы. Бюджетті сақтау бойынша, тиісінше, болжамды мәндерден кез келген ауытқулар, сондай-ақ күнтізбелік кестедегі ауытқулар үшін жауапкершілік инвесторға, жоба бастамашысына қалады.

Дегенмен, бұл жұмыс үлгісі жобаның әрбір бөліміне өте жоғары инженерлік құзіреттілікті қажет ететін мұнай өңдеу, металлургиялық және мұнайхимиялық жобалар саласында табысты қолданылады. Әдетте, мұндай жобалық топтар жобаның бірнеше, тіпті бірнеше ондаған мердігер компанияларынан құралады

ЕРС-келісім-шарттарының жеке жағдайлары: BOT, BOO, BOOT

BOT, BOO, BOOT* тұжырымдамасы 90-шы жылдардың басында ROI жобаларын оңтайландыру мақсатында пайда болды. Көбінесе бұл модельдер әуежайлар, жолдар және т.б. сияқты инфрақұрылым объектілерін салу кезінде қолданылады.

BOOT EPC жобаларында мердігерлер жобаның құрылысы біткеннен кейін белгілі бір мерзімге пайда алу құқығымен дайын объектіні пайдалануға алады. Осы кезеңнің соңында ЭПК-мердігерлер объектіні үкіметке немесе басқа түпкілікті тұтынушыға жібереді. Әрине, бұндай модельі кезінде инвестицияны тапсырыс берушіге қайтару уақыты бойынша айтарлықтай кейінге қалдырылады, бірақ BOOT-тың артықшылығы - бұл инвестицияны қайтарудың бүкіл тәуекелін бір заңды тұлға көтереді. Әдетте, жобаның бастамашылары кәсіпорын үшін арнайы құрылған жобаны ұйымдастырады, немесе тәуекелдерді басқару үшін жеке компанияны жалдайды.

Ескерте кету керек, EPC модельі (EPC / LSTK жобасы немесе басқа да BOT / BOO / BOOT негізіндегі инфрақұрылымдық жобалар) жоғары технологиялық салаларда қаралмайды, мысалы, әрбір жұмыс кезеңінде құзыреттіліктің өте жоғары деңгейі және елеулі инженерлік тәуекелдері талап етілетін атом электр станцияларының жобалары үшін. Ядролық энергетика туралы айтатын болсақ, бұл жобалар іс жүзінде әрқашан жобаның бастамашы инжинирингімен, P&C шарттары бойынша орындалады.

Қорытынды жасайық: неге дәстүрлі схема емес, ЭПС келісім-шарты?

1.ЖОСПАРЛАНҒАН КӨРСЕТКІШТЕР КЕПІЛДІГІ

Жобаның барлық кезеңдерінде тәуекелдердің болуы түпкілікті нәтижеде белгісіздік дәрежесін барынша арттырады. Тәуекелдер әртүрлі факторларға негізделген.

  • аздаған өзге де жобалық шешімдер – таңдалған технологиядан ауытқу,
  • басқа жеткізушілер,
  • өзге жабдық,
  • құрылыс алаңындағы және т.б.түзетулер.

Сайып келгенде, технологиялардан қомақты ауытқу шыққанда: мерзімі, құны, объектінің сапасы,өндірілетін өнімнің көлемі, пайдаланудың құны бойынша және т. б. басқа да көрсеткіштерді береді. EPC мердігерінің аяғына дейінгі жауапкершілігі жоспарланған нәтиженің кепілі болып табылады.

2.ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТИІМДІЛІК

  • * Жоба Ұзақтығының басқарылатындығы

    ЕРС мердігер жобаны іске асырудың барлық үдерісін қаншалықты көрген болса, онда олардың бұл жалпы уақыт кестесін азайта отырып, әртүрлі процестерді өзара синхрондау және біріктіру мүмкіндігі бар. Жобаны іске асыру мерзімін қысқа мерзімде жүзеге асырудың айқын артықшылығы - бұл инвестициялардың қаржылық тиімділігі

    - Инвестициялардың құнын төмендету (жылдық %-бен * жылдар саны)

    - Бұрынғы жобалық қуатқа қол жеткізу = қысқа мерзімде өтелу мерзімі

    - Нарық және бәсекелестердің технологиялық жетістіктері есебінен жаңа өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

  • Белгіленген техникалық шешімдердің кірістілігі

    Жобасының тұжырымдамасын әзірлеу кезеңінен бастап, салынған техникалық шешімдердің сапасы жобаның кірістілігіне, жабдықта таңдау мен мерзімдеріне тікелей әсер етеді. Дәл осы EPC-мердігерінің, оның тәжірибесінің, техникалық функционалының (BIM) болуы оңтайлы техникалық шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.

    Біз жобалық қуаттылыққа қол жеткізген кезде түпкілікті нәтижеге жауап беретін EPC мердігерінің құқықтық мотивациясы туралы ұмытпауымыз керек. Тек қана жоба құжаттамасының әзірлемесін орындаған мердігерге жобаның инвестициялық тиімділігінің қатысы жоқ.

  • Тәуекелдің белгіленген бағасының төмендеуі

    EPC мердігерінің тәжірибесі мен кәсібилігі тәуекелдерді дұрыс бағалауға, олардың әсерін азайтатын шараларды қабылдауға мүмкіндік береді, осылайша олардың құнын төмендетеді

  • Банк жобасын қаржыландыру

    Тапсырыс беруші компаниясына арналған «қаржы тетіктерін» пайдалану ішкікорпоративтік активтерді пайдаланудан әрқашан маңыздырақ. Егер жобаларды іске асыруда EPC мердігерінің сәтті тәжірибесі бар болса, жобаға сыртқы қаржыландыруды алуға дәстүрлі схемалармен салыстырғанда әлдеқайда көп мүмкіндіктері бар.

    LSTK - белгіленген сомамен "дайын күйде" тапсырылатын құрылыс.
    Engineering, Procurement & Construction (EPC) – Жобалау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және құрылыс салу.

    *Built, Operate and Transfer (BOT) - Құрылысты салу, меншіктену, клиентке қайтару.
    Built, Own, Operate (BOO) - құрылыс салу, меншіктену, өндіру.
    Built Own, Operate and Transfer (BOOT) - құрылыс салу, меншіктену, өндіру, клиентке қайтару.

    ** Procurement And Construction - сатып алу және салу.

INTESSA Group и Eurasia Engineering & Construction – құрылыс жобаларын басқару.

Холдингтің инженерлік әлеуеті, құрылыс жобаларын сүйемелдеудегі үлкен тәжірибе, Sicim S. p.A. ірі халықаралық құрылыс компаниясымен серіктестік, Eurasia Engineering & Construction компаниясының EPC / EPCM-келісім-шарттар нарығына шығуына мүмкіндік берді.
Бүгінгі күні компанияның Қазақстан аумағында іс жүзінде кез келген күрделіліктегі жобаларды іске асыруға арналған үлкен интеллектуалдық және материалдық-техникалық ресурсы бар.

Жобалар

Соңғы жыл ішінде
ағымдағы және аяқталған
түйінді жобалар